Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Көпқабатты тұрғын үйдегі өрт
Оқиға орны. Видеодан скриншот: t.me/qr_tjm

Өрт Астананың Байқоңыр ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, көп ұзамай өрт сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасындағы мәлімет бойынша, елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ғабдуллин көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өртті оқшаулаған.

Өрт толығымен 22:49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтеншеліктер қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің ауданы анықталып жатқанын мәлімдеді.

Өрт шыққан кезде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында өрт шыққан кезде жасалуы керек нұсқама берілген. Соған сәйкес:

  • Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралмен өшіруге тырысыңыз: өртсөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.;
  • Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін өшіріңіз;
  • Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз;
  • Электр жабдықтарын өшіріңіз;
  • Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз;
  • Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз;
  • Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз;
  • Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз;
  • Қауіпсіз жерге шығыңыз:
  • Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;
  • Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2171772-astanada-kopqabatty-turgyn-uiden-ort-shyqty-video/