Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте көз жұмды

Жарияланған күні:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің көз жұмғанын Абай облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ балалар омбудсменінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Эльзира Жүнісова сәби кеше, 13 қазанда сағат 19:40-та қайтыс болғанын жазған.

"Нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген соң, жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда түсті.

Дәрігерлер жаңа туған қыздың өмірі үшін күресті, денесін 80 пайыз күйік шалған", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, кеше Семейде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен сәби табылған болатын. Бала күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық прокуратура өкілдері бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2173752-semeide-zhanyp-zhatqan-qoqys-zhashiginen-tabylgan-nareste-koz-zhumdy/