Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 адам зардап шекті: елордада жатақханада өрт шықты

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру сәті
Өрт сөндіру сәті: telegram.org/qr_tjm

Бүгін таңда Астанада жатақханалардың бірінде өрт шықты. Салдарынан иіс тиген бес адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. Төтенше жағдайлар министрлігі күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өртті сөндіру жұмыстарын оқиға орнындағы өтпе жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген ведомствоның Telеgram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.

Өрт шыққан кезде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында өрт шыққан кезде жасалуы керек нұсқама берілген.

Соған сәйкес:

Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралмен өшіруге тырысыңыз: өртсөндіргіштермен,

  • кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.;
  • Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін өшіріңіз;
  • Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз;
  • Электр жабдықтарын өшіріңіз;
  • Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз;
  • Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз;
  • Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз;
  • Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз;
  • Қауіпсіз жерге шығыңыз:
  • Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өрт сөндіру қызметінің келуін күтіңіз;
  • Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2174286-5-adam-zardap-shekti-elordada-zhataqhanada-ort-shyqty/