jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның солтүстігінде тепловоз бен локомотив соқтығысты: зардап шеккендер бар

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/PR_KTZh

    15 қазанда Сарысу өткелінің маңында тепловоз бен локомотив соқтығысып, салдарынан жұмысшылар зардап шекті. Бұл туралы ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-нің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратына сәйкес, оқиға бүгін сағат 10:10-да болған.

    Жолдар, локомотив және тепловоз жекеменшікке тиесілі болған.

    "15 қазан сағат 10:10-да Сарысу разъезі маңындағы жеке жолда жеке меншікке тиесілі тепловоз бен локомотив соқтығысқан.

    Салдарынан бес бос вагон мен тепловоз аударылды. Жеке локомотив бригадалары орташа жарақат алды.

    Оқиға басқа пойыздар қозғалысына және магистральдық желі жұмысына әсер еткен жоқ" ,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

    Қазақстанның солтүстігінде тепловоз бен локомотив соқтығысты: зардап шеккендер бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.