Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында атыс болды

Жарияланған күні:

мылтық
Мылтық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында Іле өзені маңында аңшы мылтығынан оқ ату салдарынан үш ер адам зардап шекті. Адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

CMN.KZ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оқиға 27 қазанда Қонаев қаласынан алыс емес жерде Іле өзенінің маңында болған. Басылымның мәліметінше, малшы мас күйінде жолдастарына аңшы мылтығынан оқ атқан.

63 жастағы ер адам дене жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Бұл оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне Алматы облысының полиция департаменті өкілі түсініктеме берді.

"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын зерделеу бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

"Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп атап өтті департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2179619-almaty-oblysynda-atys-boldy/