jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жер сілкінісі қай жерде қатты сезілген: ТЖМ мәлімет жариялады

    Сейсмограф
    Сейсмограф. Көрнекі фото: Furchin/Getty Images

    Бүгін Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында жер асты дүмпуінің сезілуіне қатысты мәлімет жариялады.

    Жер сілкінісінің координаттары: 43.261 с.е.  77.310 ш.б.

    Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.

    Сезілуі:

    • Алматы қаласы 3 балл
    • Талғар қаласы 4 балл
    • Есік қаласы 4 балл
    • Түрген ауылы 3 балл
    • Өтеген-Батыр ауылы 3 балл
    • Боралдай ауылы 2 балл
    • Маловодное ауылы  2 балл
    • Ж. Қайыпов ауылы 2 балл
    • Алатау қаласы (Жетіген) 2 балл
    • Қарасай қаласы (Қаскелен) 2 балл

    Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

    2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

    3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

    4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

    5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда). Ал көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

    6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкін болғанша өшіріңіз;

    7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

    8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

    9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

    10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Жер сілкінісі қай жерде қатты сезілген: ТЖМ мәлімет жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.