Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да әскери қызметші қаза тапты

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде әскери қызметші көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

Ведомство мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид. Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 7 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқыс оқиға болды. Әскери полигонда мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Кейіннен сарбаздың әкесі қорғаныс министріне жан-жақты тергеу жүргізуді талап еткен видеоүндеу жолдаған еді.

Сонымен қатар Абай облысында пәтерден бір әскери бөлімнің әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2184851-shqo-da-askeri-qyzmetshisi-qaza-tapty/