Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда дүкендегі телевизор өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: Pixabay

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дүкенде теледидар мен төбе өртеніп, 15 адамды эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қаласында Торайғыров көшесі бойында көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дүкенде теледидар мен төбе өртенді.

"ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Өрт 15 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Балқаш көлінің ортасында сынық қайықта қалып қойған балықшылар құтқарылды.

Сондай-ақ 14 қарашада Жетісу облысында түн ортасында төрт адам құтқарылғанын жаздық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2187203-pavlodarda-dukendegi-televizor-ortenip-15-adam-evakuatsiialandy/