Қызылорда облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, өрт шықты: зардап шеккендер бар
Жарияланған күні:
Қызылорда облысы Шиелі кентінде 14 қараша түнде жарылыс болып, өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан жанар-жағармай бекетінің қызметкері ауыр зардап шекті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша өрт шығып, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен.
"Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан 1991 жылы туған жанармай бекетінің қызметкері зардап шекті. Ол орташа ауырлық дәрежесінде ауруханаға жатқызылды.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.
Өрт туралы ақпарат Төтенше жағдай министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2187674-qyzylorda-oblysynda-zhanarmai-quiu-beketinde-zharylys-bolyp-ort-shyqty-zardap-shekkender-bar/