jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шықты (фото)

    Шымкенттегі өрт
    Шымкенттегі өрт. Фото: t.me/qr_tjm

    Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Өрт туралы ақпарат Төтенше жағдай министрлігінің 112KZ Telegram-дағы арнасында жарияланды.

    "Таңертең Еңбекші ауданы Ақбастау көшесі бойындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді.

    Өрт толығымен 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, күні кеше Шымкенттегі аудандардың бірінде от-тактикалық оқу-жаттығулары өтетінін хабарлаған едік.

    Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шықты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.