Жамбыл облысында полицей әріптесіне байқаусызда оқ атып, жарақаттап алды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖамбыл облысында полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып жіберген. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 16 қарашада болған.
"Аумақты қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде қару ұстаған қызметкер екіншісінің арқасынан абайсызда атып жіберген. Абайсыздық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккен азамат Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.
Дереккөз: КТК
Айта кетейік, бір жыл бұрын Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері абайсызда оққа ұшырап, көз жұмған болатын.
Сонымен қатар Павлодар тұрғыны абайсызда полицей бауырының қызметтік тапаншасымен өзін атып, қаза тапқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2188650-zhambyl-oblysynda-politsei-ariptesine-oq-atqan/