Павлодарда өрт орнынан ер адамның денесі табылды (видео)
Жарияланған күні:
Бүгін таңертең Павлодарда ғимаратта өрт сөндірілді, одан газ баллондары шығарылды. Оқиға орнында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 20 қараша күні сағат 07:46-да Павлодар қаласы Бекмаханов көшесіндегі ғимараттардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу шыққан өрт сөндірушілер жеке тұрған ғимарат жанып жатқандығын анықтаған.
Өртті жою барысында өрт сөндірушілер сыртқа 2 газ баллонын алып шықты. Өрт 15 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді.
"Оқиға орнынан ер адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Шақырту орнында төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 5 техникасы, АМО жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Шымкентте жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Еңбекші ауданы Ақбастау көшесі бойындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2190006-pavlodarda-ort-ornynan-er-adamnyng-denesi-tabyldy-video/