Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жарияланған күні:

Жаяу жүргінші жолы. Көрнекі фото
Жаяу жүргінші жолы. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында Алғабас ауылының маңында жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті – ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 қараша кешкі сағат 21.45-те Атамекен – Ертіс – Русская поляна тасжолының 4 шақырымында, Ақсу қаласындағы Алғабас ауылына кіре беріске қарама-қарсы бетте болған.

"Lifan-215800" көлігінің жүргізушісі жол бойында келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.

Еске салсақ, таяуда Павлодарда жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен еді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қарашада Қатаев көшесіндегі 36/2 үйдің алдында "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2190627-pavlodar-oblysynda-kolik-zhaiau-zhurginshini-qagyp-ketti/