Алматыдағы қоймалардың бірінде жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Алматы полициясы қаладағы қоймалардың бірінде болған жұмысшы қазасын тексеріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ер адамның қазасы туралы мәліметті Telegram-дағы CMN.KZ арнасы таратқан. Автордың мәліметінше, мегаполистің Түріксіб аудындағы қоймада бір жұмысшы лифтіге қысылып қалған.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын анықтау мақсатында сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді қалалық полициядағылар.
Айта кетейік, жуырда Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы мерт болған еді. Екі жұмысшы биіктен құлап кеткен. Бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісі ауыр халде жансақтау бөліміне түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2195574-almatydagy-qoimalardyng-birindi-zhumysshy-qaza-tapty/