Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 адам эвакуцияланды: елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Видеодан кадр: 24.kz

Елордада "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі пәтерден өрт шықты. Үйдің айналасында қою түтін пайда болды. ТЖМ өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Әнет баба көшесі бойындағы тұрғын үйдегі пәтердегі өртті сөндіруде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖМ күштері артынша өрт оқшаулағанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

"Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. 7 қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанды", - делінген хабарда.

ТЖМ құтқарушылары түтінді аймақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, Алматының Бостандық ауданында бір қабатты ғимараттың шатырынан өрт шыққан болатын.

Сондай-ақ Алматыда Алмалы ауданындағы көпқабатты үйдің шатыры өртке оранды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланған еді.

Қазан айында өрт Астананың Байқоңыр ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, көп ұзамай өрт сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2195658-elordada-manhetten-turgyn-ui-keshenindegi-paterlerding-birinen-ort-shyqty/