jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Екібастұзда құдықтан әйелдің денесі табылды

    құдық
    Құдық. Көрнекі фото: facebook.com/zhyloisu

    Екібастұзда көше қиылысындағы құдықтан әйел өлі күйде табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Марқұмның жеке басы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі Екібастұзға арналған пабликтердің бірінде пайда болды. Пшенбаев пен Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысындағы құдықтан табылғаны белгілі болды.

    Полицейлер құдыққа тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар жиі жиналатынын айтты. Марқұм әйелдің денесінен зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмады.

    "Әйелдің жеке басы анықталды, оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.

    Полицейлердің сөзінше, саусақ ізі арқылы марқұмның жеке басын анықтау мүмкін болған.

    Екібастұзда құдықтан әйелдің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.