jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаудағы ұшақ апаты: қанша адам аман қалғаны белгілі болды

    Ақтаудағы ұшақ құлаған жер
    Ақтаудағы ұшақ құлаған жер. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

    Ақтау маңында болған ұшақ апатынан алдын ала ақпарат бойынша, 25 адам аман қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұшпқ бортында барлығы 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасынан белгілі болғандай, апаттың салдарын жоюға барлығы ТЖД, МӨСК,ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.

    Жолаушылардың тізімі нақтылануда.

    Айта кетейік, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған.

    Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

    "Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған", - делінген хабарда.

    Ақтаудағы ұшақ апаты: қанша адам аман қалғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.