jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ертіс өзеніне көлік құлап кетті: ТЖМ бір адамның денесі табылғанын хабарлады

    Ертіс өзені
    Оқиға орны. Фото: ІІМ

    Бүгін Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен еді. Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты жаңа мәлімет таратты. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Министрлік мәліметінше, бүгін таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті. Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

    Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

    Қазіргі уақытта құтқару операциясына: 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су асты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылған.

    Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің келеді деп жоспарланған.

    "ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді аяқтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

    Алдағы оқиғалар туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады", - делінген хабарда.

    Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кеткенін жазған едік. Сол кезде полиция іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.