Алматыда ҚБТУ ғимаратында өрт шықты (видео)
Жарияланған күні:
Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратында өрт шықты, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, қазір өрт сөндірушілер өртті сөндіруде.
Барлығы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 59-ға жуық адам және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда.
Өрт орнында жедел штаб құрылды. Қазақстан ТЖМ Командалық орталығы өртті сөндіру үшін күштер мен құралдар санын өсіруді тапсырды.
Оқиға орнында Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 78 құтқарушысы мен 28 бірлік техникасы жұмыс істеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2210664-almatyda-qbtu-gimaratynda-ort-shyqty-video/