Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы колледжінде жарылған РГД-5 гранатасы екені белгілі болды

Опубликовано:

Оқу орнында жарылған РГД-5 гранатасы болып шықты. Бұл туралы отандық ақпарат құралдары жазып жатыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Адам өліміне әкеп соққан жарылғыш зат негізінен жаудың жеке құрамын жою кезінде қолданылады. Оның салмағы 310 грамм. Тротилдік қуаты 110 грамм. Жарықшақ шашырау қашықтығы - 30 метрді құрайды. Лақтырғаннан кейін жарылатын уақыт - 3-4 секунд.

"Бұл гранатаның жарықшақтары 25 метр радиуске дейін ұшады. Әскери және соғыс мақсатында қолданылатын бұл жарылғыш жақын қашықтықтағы жауды жусату үшін шығарылған. Трагедиялық жағдайға соқтырған гранатаның бұл түрі қазіргі уақытта Қазақстанның Қарулы Күштерінің снарядтарының бірі ретінде саналады. Граната жарылған жерде жарықшақтары маңайындағы дүниелерді түгелге дерлік зақымдайды", - деп қосады 31 арна әлі ресми расталмаған мәліметтерге сүйеніп.

Еске саламыз, кеше Алматыдағы сән және дизайн колледжінде жарылыс болып, бір студен қаза тапты. Тағы 12 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы ауыр, олар жан сақтау бөліміде жатыр деп мәлімдеді.

Төтенше оқиға алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болған еді. Сабаққа әскери граната алып келген ұстаз уақытша ұстау абақтысына қамалып, 24 сағаттан кейін босатылды.

Ол 1967 жылы туған азамат. Тергеу барысында оның үйінде ешбір қару мен оқ-жарақ табылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/340988-almaty-kolledzhinde-zharylgan-rgd-5-granatasy-ekeni-belgili-boldy/

pixel