Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда автобус жүргізушісі жолақы төлемеген мүгедекті соққыға жықты

Жарияланған күні:

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі мүгедекті соққыға жыққан. Екінші топтағы жарымжан Владилен Иванов есімді азамат осылай деп шағымданды.

Ол жолақысын ақшалай төлемегені үшін № 29 автобус жүргізушісінен оңбай таяқ жегенін айтады. Ал қолында қоғамдық көлікте тегін жүруге құқы бар екенін растайтын құжаты болыпты.

Екінші топтағы мүгедек - Владилен Иванов шизофренияға шалдыққан. Ол талай жылдан бері қоғамдық көлікпен тегін қатынап келіпті. "Бірақ, №29 бағыттағы шағын автобус жүргізушісі 45 теңге үшін жұдырық ала жүгірді", -деп жан айқайын жеткізбек болды.

Олар қолымнан құжатымды жұлып алмақшы болды, мен қолға бермедім. Содан сүйреп шығарды да, ұрып, тебе бастады.

"Мен міне куәлігім тегін жүремін дедім. Олар қолымнан құжатымды жұлып алмақшы болды, мен қолға бермедім. Содан сүйреп шығарды да, ұрып, тебе бастады. Міне былай аяғымен тепкеннен үсті-басым көгала қойдай болды", - дейді Владилен Иванов. 

Ал жәбірленушінің жәрдемшісі болып жүрген Сәния Карасева "аймақтағы барлық құзырлы орган қызметтеріне хат жаздым", - дейді. Алайда, арызына ден қойған адам болмапты.

"Псикихалық аурулармен ауыратындар олар ешқашан жалған сөйлемейді. Жүргізушілер үнемі мүгедектерді мазақ етеді. Менде ереже бұзатындардың "қара тізімі" бар. Олар көлік тізгінінде отырып темекі шегеді, телефонмен сөйлеседі", - дейді аймақтағы мүгедектердің қорғаушысы Сания Карасаева.

Ал 29-шы бағыттағы автобустарға жауапты "Әулиеата-Транс-ПАС" автосаябағының басшылары үстерінен түскен арызбен келіспейді. Шағымданған адамның сөзін жоққы шығарып отыр.

"Ол азаматтың жүргізушіге жала жауып отырғаны анықтан-анық. Бір айлық тегін жүру билеті қолында болу керек. Ол сол кезде болмаған қолында. Жүргізушінің қасындағы көмекшісі: "Сіздің қандай құжатыңыз бар" деп сұраса, ешқандай құжатын көрсетпеген. Сол себептен, есігін жауып келесі аялдамадан түсіріп кеткен. Бар болғаны осы", - дейді  "Әулие Ата-Транс-Пас" ЖШС директорының орынбасары Рашит Пірманов. 

Псикихалық аурулармен ауыратындар олар ешқашан жалған сөйлемейді. Жүргізушілер үнемі мүгедектерді мазақ етеді.

Алайда, Әулиеатадағы әмбебап полиция бастығы да қоғамдық көлік жүргізушілерінің заңды көп бұзатынын жоққа шығармайды. Тіпті, ереже бұзу есебі бойынша биылғы статистика өткен жылғыдан екі есеге өсіп кетіпті.

Ал құқығым тапталды деген Владилен Иванов болса, алған бетінен қайтар емес. Әділдік іздеп, Астанаға дейін бармақшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/346736-tarazda-avtobus-zhyrgizushisi-zholaky-tolemegen-mygedekti-sokkyga-zhykty/