Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында науқастың баласы дәрігерді аяусыз соққыға жықты

Опубликовано:

Алматы облысында дәрігер анасын емдеймін деп жүріп, ұлынан оңбай таяқ жеді деп хабарлайды 31 арна.

Бұл жайт арнайы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода емделушінің баласы дәрігерді соққының астына алғаны анық көрінеді. Егер аурухана ішіндегі адамдар арашалап қалмағанда, дәрігердің жағдайы тіптен қиын болар ма еді?

"Мен қабылдау бөлімінен науқасты қарап шығып келе жатқан кезімде,  кездестік. Бір жақ қолымнан көтеріп қатты ұстады. "Мен сені өлтіремің қазір" деп қолымнан сүйреп бара жатыр. "Жібер" деп едім, ұрып бастады. Бір-екі рет ұрды. Біреулер ажыратты. Ажыратқаннан кейін кетіп бара жатыр едім, қайтадан келіп ұрды. Көзімнен ұрған кезде көзілдірігімнің әйнегі сынып қалды, қазір көзілдірігім жарамсыз", - дейді жәбірленуші Әділмұрат Еженхан.

Оқиға Алматы облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде болған. 25 тамыз күні Любовь Арапова есімді азаматшаны ауыр хәлде жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді. Бірақ тиісті ем шаралары қабылданғаннан кейін науқастың беті бері қарап, балаларынан үйге қайтуын сұрайды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр болғанда ғана туыстарына қалуына рұқсат беріледі. Ал Арапованың жағдайы қалыпты.

Бірақ ұлы мән-жайды дұрыс түсінбей, "анамыздың жанына қалуға рұқсат бермедің" деп  дәрігерді соққының астына алған.

Қос тарап та әділдік іздеп облыстық «Нұр Отан» партиясына барды. Ал жұдырық ала жүгірген жігіт жағдайды былай түсіндіреді.

"Мен білмеймін қол жұмсағанымды. Мен оларға анамды өткізіп беріп жатқан кезде өте ашулы болып тұрғанмын. Ешкім дұрыс түсіндіріп берген жоқ. "Мен білемін, мені үйретпеңдер" деп бірдеңе сұрасаң солай жауап береді", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Руслан Арапов.

Бұл жайт дәрігерлердің әбден ызасын келтірген. Жағдайды қатаң тәртіпке алмаса, ушыға беретіні даусыз дейді ақ халаттылар.

"Дәрігерлердің жан айқайы. Бізде күнде қабылдау бөлімінде осындай жағдайлар болып тұрады. Бізді жаман сөздермен балағаттайды. Айтпағанды айтады. Науқастарды алып келді ме, олар ойлайды ауруханаға алып келгеннен кейін жатқызу керек деп. Біз жатқызбасақ, халық жауымыз. Айтады ғой "пациент всегда прав". Осы қағидамен жүре береміз. Бірақ шыдамның шегі жетті", - дейді Алматы облыстық ауруханасы директорының емдеу жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Сәкенова.

Қоғамды дүрліктірген дәрігерлердің жан айқайы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Қос тарап жоғары жаққа шағымданамыз деп бекініп отыр. Істің ақ-қарасын құзырлы орган анықтамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/871582-almaty-oblysynda-nauqastynh-balasy-da/

pixel