jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қарағандыда із-түзсіз кеткен ер адам асылған күйінде табылды

    : UGC

    Қарағандыда "Грандстор" сауда ойын-сауық орталығына жалғастыра салынған ғимаратта 48 жастағы ер адам асылған күйде табылды. Ер адамның жақындары мен еріктілер оны бір апта бойы іздеген деп хабарлайды NUR.KZ.

    2018-god.com
    Көрнекі фото: 2018-god.com: UGC

    Анатолий Сова 14 қазан күні үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Отбасы оны бір тәулік бойы күтіп, келмеген соң полицияға хабарласқан. Іздеуге еріктілер жұмылдырылған.

    Еріктілер ер адам тұратын аудандағы барлық жертөлелерді, шатырларды, құдықтарды қарап шыққан.

    Оны сауда үйінің арт жағына жалғастырып салған қараусыз ғимараттан өтіп бара жатқан адамдар тапқан.

    "Сауда үйінің артындағы барлық жалғастырып салынған ғимараттарды тексердік. Өкінішке қарай оны сол жерден таптық. Ол қаза болыпты", - деп мәлімдеді еріктілер.

    Полицияның орталық бөлімінде Анатолий Сова 14-ші қазаннан бері із-түзсіз жоғалған азамат ретінде тіркелгенін растады. Іздеу ісі қозғалған.

    Полиция ер азаматтың өліміне не себеп болғанын айтпады. Қылмыс па, әлде өзіне қол жұмсау ма, бұл тергеу кезінде анықталмақ.

    Қарағандыда із-түзсіз кеткен ер адам асылған күйінде табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.