jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Жол апаты
    Көрнекі фото: polisia.kz

    Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде жол апатынан 3 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 19-да Астрахан аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне аудандық аурухананың фельдшері хабарласып, Астрахан ауылының Достық көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткенін айтқан.

    "Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары қыркүйектің 19-да кешкі сағат 20:50 шамасында Достық көшесінің бойымен кетІп бара жатқан "Нива" көлігінің 57 жастағы жүргізушісі жолдың арғы бетіне өтпек болған 51 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ол алған ауыр дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - дейді ведомстводан.

    Сонымен бірге, "Жақсы-Державинск" тас жолының 67 шақырымында жол апаты болды. Бұл туралы Жақсы аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған.

    Анықталғандай, Нұр-Сұлтаннан Арқалық қаласына кетіп бара жатқан Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны тізгіндеген "Lada-21703" көлігінің сол жақ дөңгелегі тесіліп, көлік орға жығылған.

    Соның салдарынан көліктің 19 жастағы жүргізуші мен 18 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

    "Қазіргі кезде екі жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп толықтырды ведомстводан.

    Айта кетейік, Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Кортежге көліктерін ұсынған азаматтардан бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

    Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.