jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қалыңдығы байқап қалған": Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам "тіріліп кетті"

    Үндістан ел
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Жол апатына түскен соң өлген адам саналған Үндістан тұрғыны жеті сағаттан кейін мәйітханада "тіріліп кетті", деп хабарлайды РИА Новости жергілікті IANS басылмына сілтеме жасап.

    40 жастағы электрші Шрикеш Кумарды елдің солтүстігіндегі Морадабад қаласында мотоцикл қағып кеткен.

    Дәрігерлер оны өлімін тіркеп, денесін мәйтіханаға жіберген.

    Ол жерде ер адам жеті сағат жатқан. Кенет мәйтіханаға келген қалыңдығы Шрикештің тыныстап жатқанын байқаған.

    "Жедел жәрдем қызметкері түнгі үште келіп бұл пациентті тексерген, оның жүрек соғысы сезілмеген. Ол бұл адамды бірнеше рет қараған. Осыдан кейін ол өлген адам деп саналған. Алайда таңертең полиция мен оның отбасы келіп, тірі екенін айтты. Тергеу жүргізу туралы бұйрық берілді. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу", - дейді суперинтендант Шив Сингх.

    Қазір Шрикеш Кумар медициналық орталықта ем алуда. Қалыңдығының айтуынша, ер адам әлі өз-өзіне келмеген.

    Ол сонымен қатар, Шрикештің отбасы өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкерлерінің үстінен шағымдануға ниетті екенін айтты.

    "Қалыңдығы байқап қалған": Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам "тіріліп кетті"

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.