jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Елордалық ару көшеде ашық тұрған құдыққа құлап кетті

    Кәріз
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада көшеде ашық тұрған құдыққа құлап түскен бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Телеарнаның хабарлауынша, оқиға 25 қаңтар күні түнде болды. 112 жедел желісіне көше қиылыстарының бірінде болған төтенше жағдай туралы хабарлама түскен.

    26 жастағы қыз кеш қарая ашық тұрған құдықты байқамаған. Әрі құдықтың бетінде не қақпағы, не қоршауы да болмаған екен. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем дереу жөнелтіліп, Астана тұрғыны аман қалды.

    "Дереу құдықтың ішіне түсіп, қолының зақымдағанын байқадық. Бізбен бірге төменге жедел жәрдем мамандары да түскен еді. Жарақаттанған қолын байлап, зардап шеккен азаматты баспалдақпен жоғары көтердік. Кейін кең жерде кәсіби медициналық көмек көрсетілді", - деді Астана ТЖД бас маманы, құтқарушы Марат Сыздықов.

    Дереккөз: КТК телеарнасы.

    Елордалық ару көшеде ашық тұрған құдыққа құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.