jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында сәби шелектегі суға тұншығып қалды

    Су толы шелек
    Шелек. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Павлодар облысында бір жасқа толмаған сәби шелекке батып көз жұмды. Оқыс оқиға ауылдық жерде болған. Оның үстіне бұл жыл басынан бері тіркелген екінші қайғылы оқиға, деп хабарлайды Павлодар облыстық балалар ауруханасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Дәрігерлердің айтуынша, бір жағдайда дер кезінде жетіп, сәбиді аман алып қалған, содан кейін оны медициналық авиация Павлодарға алып кеткен. Бүгінгі таңда оның жағдайы тұрақты. Алайда екінші бір сәбиді құтқару мүмкін болмады – ол шелекке батып кеткен.

    "Балалар ваннада, қоқыс шұңқырларында, шағын аула бассейндерінде суға батып, анасымен бірге ұйықтап, баланы емізу кезінде асфиксиядан қайтыс болған, нәресте төсекте жатып, өзіне жастық, көрпе лақтырғанда тұншығып өлген жағдайлар болған", – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасынан.

    Мұндай қайғылы оқиғалардың басты себебін дәрігерлер ата-аналардың абайсыздығынан екенін айтып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

    Павлодар облысында сәби шелектегі суға тұншығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.