jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Арнайы суға шомылуға не демалуға бармаған": Түркістан облысында 11 адам суға кеткен оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

    Сырдария өзені
    Оқиға болған жер. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

    Кеше, 21 тамыз күні Түркістан облысы Отырар ауданында бір әулеттің 11 адамы суға кеткені туралы хабарланды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әкімдіктің баспасөз хатшысының айтуынша, төрт ағайынды азаматтың отбасы отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатып, демалуға өзенге тоқтаған. Сол жерде олардың балаларының бірінің аяғы тайып кетіп, ондағылар құтқаруға ұмтылған.

    "Олардың барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Арнайы өзен жағасына суға шомылуға не демалуға бармаған", - деп пікір білдірді ол.

    Еске сала кетсек, оқыс оқиға 21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Көксарай елдімекенінен 3 шақырым жерде Сырдария өзенінде болды.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

    ТЖД ақпаратынша, суға кеткендер өзен жағасына демалуға келген 20 адамнан құралған 4 отбасының мүшелері.

    ТЖД бастапқыда олардың алтауының денесі табылғанын, кейін тағы екі адамның денесі табылғанын, үш адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

    Сонымен қатар ТЖД қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, денесі табылған сегіз адамның алтауы кәмелет жасына толмағандар екенін, ал іздестіріліп жатқан үш адамның екеуі кәмелет жасына толмағанын атап өтті.

    "Арнайы суға шомылуға не демалуға бармаған": Түркістан облысында 11 адам суға кеткен оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.