jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

    Жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкенттегі мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағында оқушы қайтыс болды. Сегізінші сынып оқушысы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Бұл туралы қалалық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарынша, 2024 жылдың 11 қаңтарында жалпы білім беретін орта мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде 8-сынып оқушысы есінен танып қалған.

    Мектеп медбикесі спорт залға тез жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Шақыруға келген дәрігерлер бригадасы екінші арнайы жедел жәрдем шақырған.

    Алайда ол келгенге дейін бала жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.

    Баланың отбасында 1 қыз және 2 ұл болғаны белгілі. Қайтыс болған бала - үйіндегі ортаншысы.

    Шымкентте 8-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.