Атырау облысында су қоймаларынан екі адамның денесі шығарылды
Опубликовано:
Атырау облысында екі тұрғынның денесі су қоймасынан шығарылды. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 29 мамырда күндіз Қамыскөл өзенінен құтқарушылар 33 жастағы ер адамның денесін шығарып, полицейлерге тапсырған.
Марқұмды бір аптадан бері туыстары іздеп жатқаны анықталды. Олардың сөзінше, ер адам балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған.
Құтқарушылардың айтуынша, Махамбет ауданында судан 24 жастағы тағы бір жігіттің денесі шығарылған. Ол шаруа қожалығынан мал бағуға шығып, жоғалып кеткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2109096-atyrau-oblysynda-su-qoimalarynan-eki-adamnyng-denesi-shygaryldy/