jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Иіріп әкетті": Шымкент маңындағы сарқырамада жігіт пен қыз қаза болды

    Су толқыны
    Су толқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шұқыршақ сарқырамасына жігіт пен қыз достарымен демалуға барған. Бір топ жастың ішіндегі екеуі сол жерде қаза болды, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымы.

    Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 29 маусымда болған. Оқиғаның куәсі болған әйел бір топ адаммен бірге сарқыраманы көруге барғанын, олар суға батып бара жатқан адамдарды құтқаруға көмектескенін айтты.

    "Бұл жер өте қауіпті, өзіміз де көрдік. Бір қарағанда ақырын ағып жатқан сияқты көрінеді, бірақ қатты ағынмен шұңқыр жасап ағып жатты. Күйеуім де суға батып кете жаздап, сол жерден әзер шықты" , - деді әйел.

    Ерлі-зайыптылар кешке қарай үйге қайтуға дайындалып жатқанда, сарқырамаға бір топ жас (үш жігіт пен екі қыз) келгенін көрген.

    "Мен оларға бармаңдар, қауіпті дедім. Бірақ олар мені түсінбей, төменге қарай беттеді. Айғайлап шұңқыр жаққа бармауын сұрадым. Олардың үшеуі сол маңда күліп-ойнап жүрді, бір кезде секунд ішінде оларды қатты ағыс иіріп әкетті", - деді әйел.

    Оқиға куәгерлері бір жігітті аман алып қалуға үлгергенін жеткізді.

    "Екі адам, бір жігіт, бір қыз көз алдымызда көз жұмды. Құтқарушыларға жүгірдік, басқалары да түсіп кетпесін деп. Құтқарушылар тобы келді, полицейлер бізден сұрады. Оларға біз түсіріп алған видеоны да көрсеттік. Онда бір адамның өлі күйде шығарылғаны түсірілген", - дейді оқиға куәгері.

    Әйелдің айтуынша, екі апта бұрын болған оқиғаға қарамастан, бұл аумаққа әлі де демалушылар келіп жатыр.

    "Төтенше жағдайлар министрлігі "тексеріп жатырмыз" деп, бұл істі жауып тастағысы келетін сияқты, бірақ екі апта бойы тексеріп жатыр, екі адамның өлімі – бұл факт", - деді әйел.

    Төтенше жағдайлар департаменті Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында адамдардың қаза тапқанын растады. 112 диспетчерлік пультіне сағат 15:30-да достарымен демалыста болған жігіт пен қыздың суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

    "Бұл аумақта 29 маусымда суға түсуге тыйым салынған. 1999 жылы туған жігіт пен 2005 жылы туған қыз суға батып кетті. Қазіргі таңда рейдтер жүргізіліп жатыр. Ал бұл жасанды су қоймасында суға түсуге тыйым салынған", - деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дүйсен Оразгелді.

    "Иіріп әкетті": Шымкент маңындағы сарқырамада жігіт пен қыз қаза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.