jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жағдайы ауыр": Арыста әскери қызметкер басынан жарақат алды

    Әскери қызметкер
    Әскери қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    16 қыркүйекте Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасындағы жанжалдың салдарынан өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған.

    "Ол аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта әскери қызметшінің жағдайы орташа ауыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі өкілдері.

    Ведомство мәліметінше, әскери қызметшінің жарақатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Жағдайы ауыр": Арыста әскери қызметкер басынан жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.