jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Троллейбус
    Троллейбус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін, 13 қаңтарда Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды. Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Алматы полициясы хабарлады.

    Жол апаты бүгін сағат 17:50-де Бостандық ауданында болған.

    "11-ші троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған жас жігітті қағып кеткен. Өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

    Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қымыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.