jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Батыс Қазақстан облысында қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды (видео)

    Батыс Қазақстанда қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылды
    Батыс Қазақстанда қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылды. Фото: t.me/qr_tjm

    Кеше Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында 21 тонна қауіпті химиялық тетрагидрофуран тиелген жүк көлігі арыққа құлап, аударылып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналындағы ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері қауіпті зат - тетрагидрофуранның ағып кетуіне жол бермеді.

    Бәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан Беларусь Республикасының жүк көлігі жолдан шығып, бір жағына қисайып, құлап кеткен. Салдарынан сұйықтығы бар құтылар аударылған, абырой болғанда, сұйықтық сыртқа төгілмеген.

    "ТЖМ қызметкерлері химиялық заттың ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады", - делінген министрлік хабарламасында.

    Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмек көрсетілген.

    Министрлік операция сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

    Батыс Қазақстан облысында қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі аударылып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.