RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Алматы маңындағы тауда үш шаңғышыны қар басып қалды: біреуі көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
тау шаңғысы
Тау шаңғысы. Фото: pixabay.com

Бүгін сол Талғар аумағында, Богданович мұздығы асуының жоғарғы жағында үш фрирайдер қар көшкінінің жүруіне ықпал етіп, үйінді астында қалды. Бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 нөміріне "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының диспетчерінен курорттан 1 шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы аймағында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Үш фрирайдер шаңғымен түсу кезінде беткейді кесіп өтіп, қардың көшуіне себеп болған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен шыға алды, ал үшінші адамды қар астынан алып шыққанда оның қайтыс болып кеткені анықталды.

Оқиға орнына ТЖД, ТЖМ Республикалық жедел құтқару отряды, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының және Алматы құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылды. Үйінді астынан алынған 1990 жылы туған әйелдің денесін құтқарушылар эвакуациялау үшін Комби-2 станциясына дейін жеткізді.

Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны таратқан дауылды ескерту негізінде азаматтарды қар көшкіні қаупі туралы ескерткен болатын. Ақпарат SMS хабарламалар мен БАҚ арқылы таратылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2228759-almaty-mangyndagy-tauda-ush-shanggyshyny-qar-basyp-qaldy-bireui-koz-zhumdy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif