jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

    теміржол
    Теміржол. Көрнекі фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

    Ақсеңгір - Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    17 наурызда сағат 17:24-те Ақсеңгір – Шамалған аралығында (Алматы – Отар учаскесі)жүк пойызының машинисіне кенеттен жолға бөгде адамның шығуына байланысты көлікті шұғыл тежеуге тура келді. Ер адам локомотив пен өткелдегі кезекшінің сигналына мән бермеген.

    "Оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы", - делінген хабарламада.

    ҚТЖ өкілдері азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.

    Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.