RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Наурызға орай сахнаны безендірген": Жезқазғанда құлап жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: Getty Images / Alexandra Pavlova

Желіде Жезқазғанда Наурыз мейрамына орай сахнаны безендіру кезінде құлап, жарақат алған ер адамның ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Ұлытау облысының әкімдігінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жезқазғанда болған қайғылы оқиға туралы ақпарат Telegram-дағы Патриот арнасында жарияланды. Хабарламада облыстық әкімдіктің алдында орналасқан алаңдағы сахнаны Наурыз мейрамына орай безендіріп жатқан ер адамның биіктен құлап, ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілгені айтылған. Төртінші күні ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Ер адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ол Наурыз мейрамын тойлауға арналған сахнаны безендіру жұмыстарына тартылған. Мерекелік плакатты билбордқа іліп жатып, үш метрден астам биіктіктен құлап кеткен", - делінген жазбада.

Жазабада оқиға орнынан фото да жарияланған.

Бұл ақпаратқа қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірген Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер қайғылы жағдай 14 наурызда Жезқазған қаласында болғанын мәлім етті.

"Алаш алаңында жазатайым оқиға болды. Жеке кәсіпкерліктің басшысы В. есімді азамат сахнаны безендіру кезінде үш метрден астам биіктікте жұмыс істеп жатқан. Құлау салдарынан ол түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Жедел жәрдем келгенше зардап шегуші есін біліп жатты. Ер адам Жезқазғанның көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, оған ота жасалды.

18 наурызға дейін оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Алайда сол күні қан қысымы күрт көтеріліп, қайтыс болды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2229983-nauryzga-orai-sahnany-bezendirgen-zhezqazganda-qulap-zharaqat-algan-er-adam-auruhanada-koz-zhumdy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif