jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде парашютпен секіру кезінде әскери институттың курсанты көз жұмды

    парашют
    Көрнекі фото: pixabay.com

    15 шілдеде Ақтөбеде парашютпен секіру жаттығулары кезінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазонға сілтеме жасап.

    Басылым тілшілерінің хабарлауынша, оқиға орнына медицина қызметкерлері аттанған, алайда курсант олар келгенше көз жұмған.

    Сондай-ақ басылым марқұмның Астанадан оқуға келгені туралы ақпарат бар екенін жазады. Курсант тамыз айында 19 жасқа толар еді.

    16 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдіріп, курсант алған жарақатының салдарынан көз жұмғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның парашюті секіру кезінде ашылмаған.

    "Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Әуе қорғаныс күштері әскери институтының командасы көз жұмған курсанттың туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген әскери институт хабарламасында.

    Ақтөбеде парашютпен секіру кезінде әскери институттың курсанты көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.