jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандық боксшының ағасы Грузияда көз жұмды

    Шыңғыс Мұсаділов
    Шыңғыс Мұсаділов. Фото: instagram.com/notyounghunter

    Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтің бауыры Шыңғыс Мұсаділов өлі күйінде табылды. Бұл деректі Қазақстан елшілігі растады, деп хабарлайды Sports24.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым деректері бойынша, соңғы рет ер адамды 4 тамызға қараған түні Тбилиси орталығындағы түнгі клубтардың маңынан көрген. Бұдан кейін онымен байланыс болмаған. Ол үйіне және жұмысына бармаған. Оның туыстары бірден дабыл қағып, полицияға жүгінген.

    "Іздеу жұмыстары бірнеше күнге жалғасты. Нәтижесінде Шыңғыс өлі күйінде табылды. Оның неден көз жұмғаны және оқиғанын мән-жайы қазіргі таңда жария етілмеді. Деректі Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растап отыр", - деп жазады басылым.

    Марқұмның ағасы Серік Мұсаділов Қазақстан кәсіпқой боксындағы ауыр салмақта белдесетін спортшылардың бірі саналады. Ол халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғап жүрген және болашағынан үміт күттіретін боксшы.

    Қазақстандық боксшының ағасы Грузияда көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.