jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түркістанда бір жасар бала әжетхана шұңқырына түсіп кетті (видео)

    Баланы құтқару сәті
    Баланы құтқару сәті. Кадр: Түркістан облысы ТЖД

    Түркістанда сырттағы әжетхана шұңқырына құлап кеткен бір жасар бала құтқарылды — бүлдіршінді қауіпсіз жерге шығару үшін құтқарушылар арнайы техниканың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Түркістан қаласының құтқарушылары шұңқырға құлап кеткен бір жасар балаға көмек көрсетті.

    "Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - делінген ТЖД хабарламасында.

    Кадрлардан құтқарушылар баланы шұңқырдан шығару үшін бетон еденді бұзып жатқанын байқауға болады.

    ТЖД мәліметінше, 1-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы а.қ сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы шұңқырға түсіп, баланы қауіпсіз жерге алып шыққан.

    Түркістанда бір жасар бала әжетхана шұңқырына түсіп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.