jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ата-анасы үйде болмаған": Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

    Терезеден қарап тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін, 26 тамызда Астанада қайғылы жағдай болды. Үш жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап, көз жұмды, деп қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астана қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, үш жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен. Қайғылы жағдай болған сәтте пәтерде ата-анасы болмаған.

    "26 тамызда үш жасар бала тұрғын үйдегі алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Құлаған кезде алған жарақаттары салдарынан бүлдіршін оқиға орнында жан тапсырды. Оқиға орын алған сәтте үйде ата-анасы болмағаны анықталды. Балаға 7 жасар ағасы қарап қалған, - делінген полиция хабарламасында.

    Тәртіп сақшылары ата-аналарға үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керек екенін ескертті.

    "Ата-анасы үйде болмаған": Астанада үш жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.