Алматыда көліктен ер адамның денесі табылды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматының Түрксіб ауданында көліктен ер адамның денесі табылды. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы полициясы өкілдері оқиғаның мән-жайы туралы NUR.KZ тілшісіне түсінік берді.
"Желіде Түрксіб ауданында тұрған көліктен ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Марқұмның кім екені анықталды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің өндірісінде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2279628-almatyda-kolikten-er-adamnyng-denesi-tabyldy/