jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды

    Спорттық аяқ киім
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Желіде шардаралық мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды деген ақпарат тарады. Түркістан облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram желісіндегі Jagdai арнасының хабарлауынша, сыртта өткен денешынықтыру сабағында 11 жастағы бала стадион қоршауына шығып, аяғы тайып кетіп, ағашқа құлаған.

    "Алғашында жарақаттар жеңіл болып көрінгенімен, дәрігерлер баланың қуығы зақымданғанын анықтады. Операциядан кейін баланың жүрегі тоқтап қалды", - делінген жазбада.

    Түркістан облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне түсінік берді. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полиция Шардара ауданындағы мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

    "Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шараларды қолданып жатыр.

    Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша заңдық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

    Түркістан облысында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.