jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда рельсті ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны пойыз басып кетті

    пойыз жолы
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Темір жолда жоспарға сай жұмыстарды атқарып жатқан төрт қызметкерді жүк пойызы басып кетті, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесінде, Шешенқара-Қаражаңғыл аралығында машинист қозғалыстағы жүк пойызын тоқтату мақсатында шұғыл тежегішті басты. Сарышаған стансасындағы жол бригадасы темір жол учаскесінде жоспарға сай рельсті ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан", - деп хабарлады компания өкілдері.

    Төрт жұмысшы қаза тапты.

    "Барлық қажетті шара қолданылғанымен, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан қаза тапты", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Компания оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері басқаратын және құрамында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС мен Магистральдық желі дирекциясының басшыларынан тұратын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

    Комиссия тексеру жұмыстарын жүргізу үшін дереу оқиға орнына жол тартты.

    "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда рельсті ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны пойыз басып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.