Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды
Опубликовано:
Читать на русском
Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан үш адам үсіп, көз жұмды. Түрлі ауданның тұрғындары із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город"-қа сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды. Олар: Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкейорда ауданының 25 жастағы тұрғыны және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны. Барлығы үсік шалып, көз жұмған.
Ақжайық ауданының тағы бір 54 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, бірақ аяқ-қолдары үсіп қалған. Ол Оралға жеткізіледі.
Бүгінде Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны жоғалғаны мәлім болды. Ол 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Бұқар қыстағынан шығып кеткен.
Оны құтқарушылар, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері іздестіруде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2320986-batys-qazaqstan-oblysynda-ush-adam-aiazda-usip-koz-zhumdy/