Атыраудың маңындағы жеке үйде үш адам көз жұмды
Опубликовано:
Читать на русском
Жексенбі, 28 желтоқсанда Атырау облысы Томарлы ауылындағы жеке үйде қайғылы оқиға болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты мен 1953 жылы туған бір ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың барлығы табиғи газдан уланып қалған.
Басылымның дерегінше, төтенше жағдайға газбен жұмыс істейтін жылыту пештен шыққан ақау себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері барған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, 28 желтоқсанда Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында бір үйдегі 8 адам табиғи газдан уланып қалған.
Алдын ала болжам бойынша, улану себебі – түтін мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай болмауы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2326230-atyraudyng-mangynda-ush-adam-ulanyp-koz-zhumdy/