jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды

    Сарбаз
    Сарбаз. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    23 қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атты. Ол алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Құрлық әскерлері баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұл жарияланымда өзіне қол салу жағдайы туралы ақпарат бар. Егер сізге не жақыныңызға күйзеліске түсуге байланысты көмек қажет болса, Қазақстанның түрлі қалаларында іске қосылған сенім телефондарына хабарласа аласыз (телефондар тізімі осында).

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, әскери қызметші былтыр сәуірде мерзімді әскери қызметке шақырылған.

    "Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс жүргізуде.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Министрліктегілер отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 қаңтарда Шымкент ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмғанын хабарлағанбыз.

    Ал жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуына қатысты оқиғаларды өркениетті елге жат, теріс үрдіс деп санайтынын айтқан еді.

    Президент ахуалды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бергенін жеткізді. Мемлекет басшысы қайғылы оқиғалар әскери бөлімшелердің бәрінде болып жатпағанын атап өткен.

    Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.