jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты

    Әскери қызметші
    Әскери қызметші. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты. Қайғылы оқиға Жамбыл облысында болған. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

    Құзырлы органның мәліметінше, оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шыққан.

    Сонымен қатар бұл топтың алдына Қазақстанның тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамдағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру міндеті қойылған.

    "Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза болған еді.

    Сондай-ақ 6 қаңтарда Шымкенттегі ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмғанын жазған едік.

    Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.