jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қосшыдағы қыз баланың өлімі: дәрігерлер жағдайға қатысты түсінік берді

    жедел жәрдем қызметі
    Жедел жәрдем қызметі. Көорнекі фото: pexels.com

    Қосшы қаласында 10 жастағы қыз баланың өліміне қатысты тың деректер жарияланды. Бала анасының қолында жедел жәрдем көлігіне жеткізілген, бірақ биологиялық өлім диагнозы қойылды. Тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Басылым мәліметінше, 2026 жылғы 29 қаңтарда Қосшы қаласында шамамен сағат 16:18-де №152 жедел жәрдем қызметіне шақыру түсті.

    Шақыруда жедел жәрдем қызметіне "бас ауруы, жүрек айну" туралы хабарланған. Шақыру жасаған адамның айтуынша, жарақат жоқ, дене температурасы көтерілмеген, құрысулар болмаған.

    Өміріне қауіп төнген белгілер болмағандықтан, шақыру төртінші санаттағы жеделдікпен жіберілген. Шақыру 16:34-те қабылданып, сол уақытта мобильді бригаданың қызметіне беріліп, 16:35-те жолға шыққан. Бригада 16:37-де оқиға орнына келген.

    Кейіннен жағдайдың нашарлағаны туралы қайталап қоңырау түскен, сондықтан шақыру екінші санатқа қайта тіркеліп, №4 бригадаға тапсырылған.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің 10 жастағы қыз баланың анасының сөзіне сүйеніп айтуынша, ол бронх демікпесімен ауырған.

    Басылымның хабарлауынша, бригада келгенде бала анасы мен әпкесінің қолында жедел жәрдем көлігіне жеткізілген. Бұл жағдайда бригада дереу жағдайға сай реанимациялық шараларды өткізген. Алайда бригада келмей тұрып биологиялық өлім болғаны анықталған. Өлімнің нақты себебі әлі белгісіз дейді дәрігерлер.

    Қосшыдағы қыз баланың өлімі: дәрігерлер жағдайға қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.