Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды
Опубликовано:
Петропавлда орман ішінде 18 жасар жігіттің мәйіті табылды. Ол Петропавлдағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Жігіт 14 қаңтарда жұмысынан шыққан күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Полицияның хабарлауынша, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із-түзсіз жоғалып кетіпті. Оның байланысқа шықпай жүргені жайлы әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, мәйітін орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ.
"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды", - деді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Тілеміс Кәрімов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2339685-petropavlda-zhogalyp-ketken-18-zhastagy-zhigitting-denesi-ormannan-tabyldy/